Президент Ердоған Француз тауарларын бойкотқа шақырды

Президент Ердоған Анкарадағы «Мәулид-и Нәби» апталығының ашылу рәсіміне қатысты.

1516246
Президент Ердоған Француз тауарларын бойкотқа шақырды

Ердоған бас қала Анкарадағы Бештепе Миллет конгресс және мәдениет орталығында «Мәулид-и Нәби» (пайғамбарды /Әзірет Мұхаммед/ еске алу және тану) апталығының ашылу бағдарламасында үн қатты.

Президент Ердоған Франция президенті Эммануэль Макронның Исламға қарсы сөйлемдерінің артынан басталған Исламофобиялық шабуылдармен байланысты «Келіңдер, Францияда егер мұсылмандарға зұлымдық жасалса, баршамыз бірге сол жерге де қолдау көрсетейік, бұл жерден әлем басшыларына үн қатамын» деді.

Ердоған «Францияның ақыл тұрғысынан бақылауға тиісті басшысының ынталандыруымен бұл шабуылдар жасала бастады. Ұлтқа үн қатамын, француз тауарларын сатып алудан бас тартыңыздар» деді.

Германияның бас қаласы Берлиндегі Мәулана мешітіне өткен апта жасалған полиция басқынымен байланысты канцлер Ангела Меркельге үн қатқан Ердоған «Кәні, cізде дін бостандығы бар еді? Сондай-ақ дінін ұстанғандар мемлекеттің кепілгерлігінде дегеніңіз қайда? Ал таңғы намазда 100-ден астам полиция неге мешітке шабуылдады? Сіз қазірге дейін Түркияда мұндай жасалғанын естігеніңіз бар ма? Жоқ, неге өйткені бізде шынымен де дін бостандығы бар» деді.

Баяндамасында Ислам және мұсылман өшпендігінің кейбір Еуроодақ елдері тікелей мемлекет басшысы деңгейінде қолдау берген саясатқа айналғанын атап көрсеткен президент Ердоған «Сіз нағыз фашистсіз, сөзбе-сөз айтқанда нацистердің буындарысыздар. Соңғы кездердегі оқиғаларды, президенттік деңгейдегі қорлықты, таңғы намаз кезінде мешіттерге жасалған полиция басқындарын «қарапайым жағдай» деп санамаймыз. 6 миллион азаматы Еуропада өмір сүрген президент ретінде қарсыластарымызға мына ескертуді жасағым келеді. Мұсылмандарды дұшпанға айналдыру арқылы қол жеткізетін ешбір жетістік жоқ. Кемшіліктеріңізді жасыру үшін сіз барған жолдың соңы – апат» деді.

Ердоған сондай-ақ «Нәсілшіл және Ислам дұшпандығы, міндеті, тұғыры мен мәртебесіне қарамастан адамдардың ақыл-ой және ар-ұждандық қабілеттерін жоятын психоз. Елімізге қатысты әр мәселеде өз пікірін білдіретін Еуропарламент үш маймылды ойнау арқылы бұл мәселеден айналып өте алмайды» деді.



Ұқсас жаңалықтар