Президент Ердоған Әзербайжан жайлы мәлімдеді

"Жүрегі бізбен соққан әрбір бауырымызға қолдауымыз жалғаcады".

1512823
Президент Ердоған Әзербайжан жайлы мәлімдеді

Президент Режеп Тайып Ердоған «Қажет болса, жанымыздан көп сүйіп, қорғаған бұл жағрапиядан бізді шеттетуді қиялдағандарға одан қорқынышты түстер көрсетеміз» деді.

Ердоған президенттік кабинет жиналысының артынан мәлімдеме жасады.

Арменияның Әзербайжанға шабуылдары тақырыбында Түркияның заңдар мен әділеттен бас тартпайтынын атап көрсеткен президент «Жүрегі бізбен соққан әрбір бауырымызға қолдауымыз жалғаспақ. Шығыс Жерорта теңізінде еліміз бен Кипр түріктерінің құқығы мен сіздің бопсалауыңызға бас иген жоқпыз. Әзербайжанның оккупацияланған топырақтарын азат ету күресін қолдаймыз. Ұлтымыздың тәуелсіздігі мен келешегіне созылған әрбір қолды сындырамыз» деді.

Ердоған «Фатих» бұрғылау кемесінің келесі айдың ішінде жаңадан бұрғылау жұмыстарын бастайтынын атап, «Қолдағы ақпараттар сүйіншілер алатынымыз жөнінде. Қаратеңізде ашылған табиғи газ резерві ұлтымыздың болашағы үшін қолданылады. Қайтадан бұл жаңалықтың құт әкелуін тілеймін» деді.

Президент жаһандық және аймақтық барлық теңгерімнің құлдырағанын және Түркияның көкке көтерілген жұлдыздай жарқырағанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар