Шентоп Әзербайжан Ұлттық Мәжілісінде сөз сөйледі

Шентоп "Түркия осы таңға дейін бауырлас Әзербайжанның қасында болды. Бұдан былай да жалғастырады" деді.

1512465
Шентоп Әзербайжан Ұлттық Мәжілісінде сөз сөйледі

Түркия Кавказдағы дағдарыс шешілмеген жағдайда Арменияның Таулы Қарабақ және маңындағы басқыншылығының жалғасатынын білдірді. 

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Мұстафа Шентоп Әзербайжан Ұлттық Мәжілісінде сөз сөйледі. 

Шентоп баяндамасында Таулы Қарабақ мәселесін 30 жылдан бері шеше алмаған Еуропа Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Минск тобының миының тоқтап қалғанын айтты. 

Әзербайжан территориясын Арменияның 30 жылдан бері жаулап алғанын айтқан Шентоп "Түркия осы таңға дейін бауырлас Әзербайжанның қасында болды. Бұдан кейін де жалғастырады" деді. 

Арменияның бейуаз халықты қырғындауды мемлекеттік саясатқа айналдырғанын баяндаған Шентоп "Бұл қарақшы мемлекет шабуылдарын жалғастыруда. Әзербайжан әскерлеріне шамасы жетпеген және арттарына қарамай қашқан Армения әскерлері жай халықты қырғындауда. Бұл соғыс қылмысы болып табылады" деді.

Арменияны жалғасты қолдаған жағдайда Кавказдағы барлық елдер қауіп-қатерге душар болатыны жайлы ескерту жасаған Шентоп "Бұл қауіпті ойынды Арменияға қолдау жасағандар тоқтатулары керек" деген үндеу тастады. 

Шентоп "Армения армиясының басып алған территориялардан дереу шартсыз түрде шығуы керек. Әзербайжанның күтетін тағы 30 жылы жоқ" деді. 

 



Ұқсас жаңалықтар