"Исламның өркендеуіне мазаланғандар дінімізді нысанаға алуда"

Президент Ердоған ИЫҰ-на мүше және бақылаушы елдердің жиналысына бейне көрініс жолдады.

1512709
"Исламның өркендеуіне мазаланғандар дінімізді нысанаға алуда"

Президент Режеп Тайып Ердоған «Исламның өркендеуіне мазаланғандар тікелей өздері себеп болған дағдарыстарды алға тартып, дінімізді нысанаға алуда» деді.

Ердоған Дін істері басқармасы тарапынан онлайн ұйымдастырылған Ислам Ынтымақтастық Ұйымы (ИЫҰ) мүше және бақылаушы елдердің дін істері басқармасы министрлері / төрағалары / бас мүфтилері кеңес жиналысына бейне көрініс жолдады.

Президент Ердоған баяндамасында «Өтіп жатқан бұл қиын және емтихандарға толы кезеңде мұсылмандар ретінде бірі-бірімізді одан көп тыңдап, одан тығыз ынтымақтасып, одан көп көзқарас алмасуымыз керектігіне сенемін» деді.

“Ғасырлар бойынша адамзаттың жолын жарытқан, ғылым, хикмет және бейбітшілікпен еске алынған бұрынғы Ислам аймақтарынан бүгін өкінішке орай қайғы-қасірет, айқай-шу дауыстары естіледі» деген Ердоған «Әлем бойынша күн сайын орташа мың мұсылман бауырымыз террор мен қақтығыстарға құрбан кетеді. Әсіресе нәсілшілдік, мәзхабшы ұстанымдар мен терроризм Ислам әлемін іштен құрытқан мәселелерге айналды» деді.

«Мұсылмандар душар болған бұл өкінішті көрініс империяларға мен Ислам дұшпандарына батылдық береді» деген Ердоған «Исламның өркендеуіне мазаланғандар тікелей өздері себеп болған дағдарыстарды алға тартып, дінімізді нысанаға алуда» деді.

Режеп Тайып Ердоған «Ислам мен мұсылмандарға қарсы қорлаушы сөйлемдер қазіргі таңда батыстың саясаткерлерінің табыссыздықтарын жабу мақсатты   қолданған аппараттары. Жақын уақытта күн тәртіпке келген (француз исламы), (Еуропа исламы), (Австрия исламы) сияқты ұғымдар мұның ең ашық дәлелі. Франция президенті Макрон басшылық жасаған мұндай бастамалардың негізгі мақсаты Ислам мен мұсылмандардан кек алуды мақсат етеді» деді.



Ұқсас жаңалықтар