Президенттік Үкімет кабинеті жиналады

Жиналыста Әзербайжанның жаулау астындағы территорияларын құтқару күресі, Шығыс Жерорта теңізіндегі дағдарыс, жаңа коронавируспен күресудегі соңғы жағдай қолға алынады.

1511803
Президенттік Үкімет кабинеті жиналады

Президенттік Үкімет кабинеті ертең Бештепеде жиналады. 

Президент Режеп Тайып Ердоғанның басшылығында өтетін жиналыста Әзербайжанның жаулау астындағы территорияларын құтқару күресі, Шығыс Жерорта теңізіндегі дағдарыс, жаңа коронавируспен күресудегі соңғы жағдай қолға алынады. 

Жиналыста жаңа коронавирусқа қарсы вакцина және дәрі-дәрмек жұмыстарындағы соңғы жағдай үстілде болады. Індетпен күрсуде қосымша алдын алу шараларының іске қосылып қосылмауы талқыланады. 

Жаңа табиғи газ резервтерінің ізделуінің экономикаға деген жаңғырықтары да күн тәрітпте болады. 

Әрі мемлекет ішіндегі және әрі шекара тысындағы террормен күресу тақырыбы да үстелде орын алады. 

Эрсин Татардың президент болып сайлануымен Солтүстік Кипр Түрік Республикасында жаңа бір кезең басталды. Сайлаудан кейін екі ел арасындағы қарым-қатыанстары, Кипр мәселесі және Шығыс Жерорта теңізіндегі жаңалықтар да жиналыстың күн тәртібінде болады. 

Жиналыста Қарабақтағы соңғы оқиғалар да қолға алынады. Әзербайжан армиясының Арменияға қарсы жасалатын тойтарыс та талқыланады. 

 



Ұқсас жаңалықтар