Ердоған: Батыс елдері Әзербайжанды қолдамайды

Президент Ердоған Армения шабуылдарына қарсы батыс елдерінің Әзербайжанды қолдамағанын мәлімдеді.

1511384
Ердоған: Батыс елдері Әзербайжанды қолдамайды

Президент, Әділет және даму партиясы төрағасы Ердоған партиясының Шырнақ қалалық филиалының 7-ші жиналысында үн қатты.

Ердоған Минск үштігінің Арменияға қару қолдауы бергенін атап, «Барлық осылар болып жатқанда әзербайжандық бауырларымыз Арменияға қарсы маңызды бір күрес жүргізуде. Не үшін күреседі? Өйткені Әзербайжан оккупацияланған жерлерін армяндардан азат ету үшін күреседі. Бұдан заңды не болмақ? Құдайым көмектессін. Оккупациялаған жерлерді армяндардан азат ететіндеріне сенемін» деді.

Президент әңгімесінде сондай-ақ Сакария табиғи газ алаңымен байланысты «Сакария табиғи газ алаңындағы «Туна-1» құдығында табылған 405 миллиард текшеметрлік табиғи газ резерві еліміздің қажеттіліктерін жылдар бойы қамтамасыз ететін мөлшерде» деді.

Басқа жағынан Ердоған Шырнакта салтанатты топтық ашылу рәсімінде айтқан сөзінде Түркияның жаңа тип коронавирус эпидемиясы кезеңіне тоқталып, «Еліміз 18 жылда салынған денсаулық сақтау саласы инвестицияларының жемісін соңғы 8 айлық мерзімде көрді. Әлемнің дамыған елдері душар болған денсаулық дағдарысын жақсы басқардық» деді.



Ұқсас жаңалықтар