Түркия Мәжілісі басшысы Әзербайжанға барады

Шентоп Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің шақыруымен осы елге ресми сапар ұйымдастырады.

1510372
Түркия Мәжілісі басшысы Әзербайжанға барады

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Мұстафа Шентоп пен қасындағы делегация 18-20 қазан күндері Әзербайжанға барады. Мәжіліс басшылығынан білдірілген хабарға қарағанда, Шентоп Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің шақыруымен осы елге ресми сапар ұйымдастырады.

 Байланыстарын Әзербайжан Республикасының Тәуелсіздік күні 18 қазан күні бастайтын Шентоп 19 қазан күні президент Әлиев тарапынан қабылданады.  Сол күні көптеген кездесу өткізетін мәжіліс төрағасы 20 қазан күні Әзербайжан Ұлттық мәжілісінде сөз сөйлейді.

 



Ұқсас жаңалықтар