Түркия Пәкістандағы террор шабуылдарын айыптады

Түркия Белуджистан мен солтүстік Везирстан аймағына жасалған террор шабуылдарын айыптады.

1509917
Түркия Пәкістандағы террор шабуылдарын айыптады

Түркия Пәкістанның Белуджистан уәлаяты мен солтүстік Везирстан аймағында ұйымдастырылған террор шабуылын айыптады.

Сыртқы істер министрлігі мәлімдемесінде Пәкістанның Белуджистан мен солтүстік Везирстан аймағында кеше жасалған және көптеген қауіпсіздік қызметкері қаза тапқан террор шабуылын өкінішпен қарсы алынғаны атап көрсетілді.

Мәлімдемеде «Бұл опасыз шабуылды қатаң түрде айыптаймыз. Қаза тапқандарға Алланың рақымын, жаралыларға жедел шипа тілейміз. Дос және бауырлас Пәкістан халқына да көңіл айтамыз» делінді.

Пәкістанның Белуджистан уәлаятында бір керуенді қорғаған қауіпсіздік күштеріне террор шабуылы жасалған 11 әскер барлығы 14 адам қаза тапқан болатын.

Солтүстік Везирстан аймағында болса қауіпсіздік күштерінің керуеніне бомбалы шабуыл жасалып, 6 әскер қаза тапты.



Ұқсас жаңалықтар