Ирак премьер-министріне Түркиядан шақыру

Ирак премьер-министрі Мұстафа Казыми президент Ердоғаннан шақыру хат алғанын білдірді.

1509345
Ирак премьер-министріне Түркиядан шақыру

Ирак премьер-министрі Мұстафа Казыми бас қала Анкараға ресми сапармен келу үшін президент Ердоғаннан шақыру хат алғанын білдірді.

Ирак премьер-министрлік кеңсесінен жасалған жазбаша мәлімдемеге қарағанда премьер-министр Казыми Түркияның Ирактағы Өкілетті елшісі Фатих Йылдызды үкімет резиденциясында қабылдады.

Қабылдауда екі ел арасында барлық салаларда өзара ынтымақтастық пен қарым-қатынастарды жетілдіру тақырыптары орын алынды.

Өкілетті елші Йылдыз болса қабылдаумен байланысты әлеуметтік медиа арқылы жасаған мәлімдемеде «Бүгін премьер-министр Мұстафа Казыми тарапынан қабылданған кезде Иракпен өзара ынтымақтастықты әр салада жетілдіруді қалағанымызды жеткіздім. Ирактың аймағымызда және аймақтан тыс жерлерде бағыныштылық саясатын қабылдамаған ұстанымын мықты түрде қолдайтынымызды баса айттым» деді.



Ұқсас жаңалықтар