Бауырлас елдердің Әзербайжанмен ұйымшылдық көрсетуі маңызды

Министр Ясауи Университетінің ашылуына қатысты.

1509569
Бауырлас елдердің Әзербайжанмен ұйымшылдық көрсетуі маңызды

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Арменияның Әзербайжан жеріне шабуылдағанын айтып, Арменияның осы істерінің соғыс қылмысы екенін білдірді.

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университетінің жаңа оқу жылының ашылуына онлайн түрде қатысқан министр Түркияның айналасының келіспеушіліктер және қауіпті жағдайлармен толы екенін айтты. «Аймағымызда басқарыла алмай отырған,  агрессияшыл елдер бар.  Арменияның Әзербайжанға бағытталған агрессиясы бізге осы шындықты тағы бір рет көрсетті» деді ол.

Әзербайжан жерінің 20 пайызының 30 жылдан бері Арменияның оккупациясында екеніне назар аударған Чавушоғлу: «Армения басқыншылық астына алынбаған Әзербайжан жеріне де шабуылдап отыр.  Арменияның осы істері – соғыс қылмысы» деді.

Осы жағдайда Әзербайжанның өз территориясы мен халқын қорғауының заңды екенін тілге тиек еткен министр кейбір актерлердің Әзербайжанның жағдайына үнсіз қалғанын айтты. Ол сондықтан бауырлас елдердің Әзербайжанмен ұйымшылдық көрсетуінің өте маңызды екенін атап айтты. «Түркия ретінде заңды күресінде Әзербайжанның жанында болдық,  жанында болуды жалғастырамыз» деді ол.

Коронавирус эпидемиясымен күрес шеңберінде Түркияның бауырлас елдерге және серіктерге көмек бергенін айтқан Чавушоғлу: «Әлем бойынша шетелге гуманитарлық көмек жасауда бірінші орындамыз және эпидемия кезінде де 154 елге медициналық материал жолдадық» деді. Министр Қазақстанға екі мәрте материал жолданғанын еске салып,  көмектің әлі де жалғасатынын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар