Түркия Эгейде жаңа Навтекс жариялады

Измир стансасынан жарияланған Навтексте Грекияға 3-ші мәрте "Лозанна" ескертуі жасалды.

1506270
Түркия Эгейде жаңа Навтекс жариялады

Түркия Лозанна бейбітшілік келісімінің бұзылғаны себебімен Эгей теңізінде жаңа бір Навтекс жариялады. 

Ескерту Мидилли аралы төңірегін қамтиды.

Измир стансасынан жарияланған Навтексте Грекияға 3-ші мәрте "Лозанна" ескертуі жасалды.

9-13 қазан арасында күшіне ие болатын Навтексте Грекияның Мидилли аралының 1923 Лозанна бейбітшілік келісімімен белгіленген бейәскери (әскери емес) мәртебеге қайшылық жасағаны білдірілді. 

Лозанна бейбітшілік келісімінде Эгей теңізіндегі Мидилли аралын да қамтыған 12 аралда Грекияның қауіпсіздік күштерінен тыс қарулы күштерді тұрғызуы және бекініс жасауы шектелген.   

Түркия қыркүйек айында "Лозанна" ескертуі  жасалған екі Навтекс жариялаған болатын. 



Ұқсас жаңалықтар