Президент Түркия - Африка Бизнес форумында сөз сөйледі

Президент: «Ковид-19 жаһандық жүйедегі қателіктерді көрсетіп, құрылымындағы теңсіздіктерді тереңдете түсті» деді.

1505470
Президент Түркия - Африка Бизнес форумында сөз сөйледі

Президент Режеп Тайып Ердоған коронавирус пандемиясының жаһандық жүйедегі теңсіздіктерді тереңдете түскенін айтты.

Президент Ердоған Түркия –Африка Экономика және Бизнес форумына тікелей эфирмен қатысып, сөз сөйледі. Осындағы сөзінде Ердоған: «Бір миллионнан астам адам қайтыс болған осы індет - соңғы бір ғасырдың ең үлкен медициналық дағдарыстарының бірі» деді.

Президент: «Ковид-19 жаһандық жүйедегі қателіктерді көрсетіп, құрылымындағы теңсіздіктерді тереңдете түсті» деді.

Ол батыстық елдер маска соғысына кіріскен кезде Африка елдері тағдырдың тәлкегімен арпалысқанын айтты. «Жеке өз атымнан және ұлымның атынан эпидемия кезінде қайтыс болған африкалық бауырларымыз үшін көңіл айтамын.  Коронавирус эпидемиясының ең қиын кезінде азаматтарымыздың қажеттіліктерін қамдай отырып, дос және бауырлас елдерге де көмектесуге тырыстық. Эпидемия кезінде Африканың 45 еліне көмек бердік» деді ол.

Баяндамасында дін, тіл,  нәсіл деп ажыратпай 154 елдің, 8 халықаралық ұйымның көмек шақыруына жауап бергендерін айтқан Ердоған: «Түркияда өндірілген жасанды тыныс алу аппараттары, маска және комбинезондардың Африканың вируспен күресіне қосқан үлесін көріп қуандық» деді.

Түркияның мықты медициналық құрылымымен эпидемияны оңай жеңген елдердің бірі болғанын айтқан президент соңғы 7 айда 14 аурухана және 10 қосымша ғимарат ашқандарын еске салды.



Ұқсас жаңалықтар