Чавушоғлу палестиналық әріптесімен сөйлесті

Мевлүт Чавушоғлу Палестина Сыртқы істер министрі Рияд Маликимен видео конференция арқылы кездесті.

1504856
Чавушоғлу палестиналық әріптесімен сөйлесті

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Палестинада ымыраласу процесіне меңзей отырып, Түркияның сайлауда жәрдем беруге дайын екенін атап айтты.

Мевлүт Чавушоғлу Палестина Сыртқы істер министрі Рияд Маликимен видео конференция арқылы кездесті.

Министр Чавушоғлу Твиттер желісінен кездесуге байланысты мәлімдеме жариялады.

"Екі елдік шешімге және халықаралық қағидаларға қайшы талпыныстарға бірге қарсы тұрамыз. Палестиналық бауырластарымыздың әрқашан қасында боламыз" деп көрсетті министр Чавушоғлу. 



Ұқсас жаңалықтар