Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық соттың шешіміне Түркиядан наразылық

Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Хами Аксой мәлімдеме жасады.

1504497
Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық соттың шешіміне Түркиядан наразылық

Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық соттың (АҚЕС) тыйым салу шешіміне Түркиядан наразылық келді.

Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Хами Аксой сот қабылдаған "тыйым салу" шешімі туралы сұраққа жауап қайтарды.

Аксой «Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық соты Арменияның Әзербайжанға бағытталған шабуылдары аясында елімізге қарсы бүгін қабылдаған "тыйым салу" шешімі құқықтық негізден аулақ» деді.

Арменияның «негізсіз айыптауларын қолдау мақсатты ұсынған әлеуметтік медиа хабарламалары мен баспасөзге таянған» және ешқандай түрік үкіметінің көзқарасын алмай қабылдаған бұл шешіммен Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық соттың (АҚЕС) сенімдігі мен абройына соққы енгізгенін айтқан Аксой «АҚЕС қақтығыстарға тікелей немесе жанамалы түрде араласқан тараптар мен бұл аяда Түркияға шақыру жасағанда заңның өзегінен алыстап, саяси қайғылармен қозғалғанын және майдандағы шындықтан бейхабар екенін көрсетті. АҚЕС өкінішке орай белгілі орталардың құқыққа кедергі жасау талпыныстарына беріліп, 70 жылдық тарихында адам құқықтары саласында қол жеткізген даңқына көлеңке түсірді» деді.



Ұқсас жаңалықтар