Президент Ердоған НАТО Бас хатшысын қабылдады

Қабылдауда Түркия-НАТО қарым-қатынастары мен шығыс Жерорта теңізінен бастап кейбір тақырыптар қолға алынды.

1503454
Президент Ердоған НАТО Бас хатшысын қабылдады

Президент Режеп Тайып Ердоған НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенбергті қабылдады.

Коммуникация басқармасы жасаған мәлімдемеге қарағанда Ердоғанның Столтенберг және қасындағы делегацияны қабылдауында Түркия-НАТО қарым-қатынастары мен шығыс Жерорта теңізі, Сирия және Ливиядан бастап аймақтық мәселелер қолға алынды.

Ердоған Грекияның барлық болымды ұстанымына қарамастан шығыс Жерорта теңізінде түрік және грек әскері арасында апат пен оқиға рискін азайтуға бағытталған НАТО инициативасын әрдайым қолдағандарын атап көрсетті.

Ердоған Түркияның Еуропаның қауіпсіздігі мен тұрақтылығы үшін аймақтағы босқын дағдарысымен күрескен жалғыз ел екенін еске салды. Президент Түркияның Ливияда да теңгерімді қалыптастыру үшін шынайы қозғалған жалғыз НАТО мемлекеті болғанын да баса айтты.

Ердоған Түркияның өзінің және одақтастарының құқығы мен мүддесін қорғағанын, бірдей ұстанымды одақтас елдерден де күткенін тілге тиек етті.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесі мен Еуропадағы Қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы қарарларының Армения басып алған Әзербайжан топырағынан дереу, толығымен және алғы шартсыз шегінуге шақырғанын атап көрсеткен президент Ердоған кейбір НАТО одақтастарының PKK/PYD/YPG террор ұйымымен қарым-қатынастарын жалғастыруы және ФЕТӨ мүшелеріне қамқорлық жасауының одақ ынтымақтастығын улағанын білдірді.

Президент Ердоған «НАТО одақтастарының Түркиямен ашық ынтымақтасу» керектігіне назар аударды. Президент одақтың болмысын қорғауда НАТО-ның аса маңызды рөл мен жауапкершілік алғанын еске салды.



Ұқсас жаңалықтар