Министр Чавушоғлу Әзербайжан президенті Әлиев тарапынан қабылданды

Қабылдауда Таулы Қарабах мәселесі қолға алынып, Түркияның Әзербайжанға қолдауы қайталанды.

1503818
Министр Чавушоғлу Әзербайжан президенті Әлиев тарапынан қабылданды
cavusoglu-aliyev.jpg
cavusoglu-bayramov.jpg

Мевлүт Чавушоғлу оккупациялаушы мен құқығы бұзылған Әзербайжанның бірдей таразыға қойыла алмайтынын бүкіл әлемнің түсіну керектігін атап көрсетті.

Ресми сапармен Әзербайжанның бас қаласы Бакуге барған Сыртқы істер министрі Чавушоғлу Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев тарапынан қабылданды.

Қабылдауға Әзербайжан Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов, Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) Түркия-Әзербайжан парламентаралық достық тобы төрағасы Шамиль Айрым және Түркияның Әзербайжандағы өкілетті елшісі Эркан Өзорал да қатысты.

Чавушоғлу әріптесі Джейхун Байрамовпен де Таулы Қарабахтағы соңғы жағдайға қоса аймақтық және халықаралық жаңалықтар туралы көзқарас алмасты.

Бас қосудың артынан екі министр ортақ баспасөз мәслихаты өткізді.

Тағы бір рет Түркияның Әзербайжанға қолдауын көрсету үшін бүгін осы елді аралағанын атап көрсеткен Чавушоғлу «Әрдайым бауырлас Әзербайжанды қолдаймыз. Бүкіл әлемге қайталағым келеді. Таулы Қарабах - Әзербайжанның топырағы» деді.

Чавушоғлу қыспақтағы Арменияның бейбіт тұрғын аймақтарына шабуыл бастағанын және мұның бір адамзаттық қылмыс екенін баса айтты. Министр мұның Арменияның бейшара күйін көрсеткенін білдірді.

Минск тобы елдерінің оккупациялаушы мен құқығы бұзылған Әзербайжанды бірдей таразыға қойғанын атап, «Осылай жалғаспайтынын бүкіл әлем түсіну керек» деді.

Бұл мәселенің бейбіт жолмен шешімі тақырыбында әртүрлі талпынысқа қолдау бергендерін атап көрсеткен Чавушоғлу «Бұл кезеңде Әзербайжанның заңды күресін баршаға түсіндіреміз. Бүкіл әлемнің әділдердің жанында тұруы үшін шындықты айтып, күресімізді жалғастырамыз» деді.

Байрамов болса Армения мемлекетінің террористік ойға ие екенін және мақсаттарына жету үшін қызыл сызықтары болмағанын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар