Сирияда «Зәйтүн бұтағы» операция аймағында 3 террорист залалсыздандырылды

Ұлттық Қорғаныс министрлігі тақырыппен байланысты мәлімдеме жасады.

1503037
Сирияда «Зәйтүн бұтағы» операция аймағында 3 террорист залалсыздандырылды

Сирияда «Зәйтүн бұтағы» операция аймағына шабуылдаған PKK/YPG-лік 3 террорист залалсыздандырылды.

Ұлттық Қорғаныс министрлігі мәлімдемесінде террористердің «Зәйтүн бұтағы» аймағына шабуылдағаны атап көрсетілді.

Мәлімдемеде «Тыныштық пен сенімді ортаны бұзу үшін «Зәйтүн бұтағы» операция аймағына шабуылдаған PKK/YPG-лік 3 террорист батыр арнайы жасақтарымыз тарапынан залалсыздандырылды» делінді.

Түрік Қарулы күштері Сирияның солтүстігіндегі террористтерге бағыттап 2018 жылы 20 қаңтар күнгі «Зәйтүн бұтағы» операциясын бастаған және 2018 жылы 27 наурыз күні Афринді толығымен бақылауға алған соң операцияны аяқтаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар