Мәжіліс төрағасы Арменияны қатаң түрде айыптады

ТҰҰМ төрағасы Әзербайжанның тарихи Гендже қаласын нысанаға алған Арменияға наразылық көрсетті.

1503091
Мәжіліс төрағасы Арменияны қатаң түрде айыптады

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) төрағасы Мұстафа Шентоп Арменияның Әзербайжанның Гендже қаласындағы бейбіт адамдарға бағытталған шабуылдарына наразылық көрсетті.

Шентоп мәлімдемесінде «Әзербайжанның тарихи Гендже қаласын нысанаға алған бұл шабуыл Арменияның құқық танымайтын және басқыншы ел екендігінің соңғы үлгісі» деді.

Шентоп «Бейбіт адамдарға бағытталған осы шабуылды қатаң түрде айыптаймыз. Отандары үшін батылдықпен күрескен Әзербайжан армиясына жеңіс тілеймін. Таулы Қарабах Әзербайжанның жері» деді.

Вице-президент Фуат Октай болса әлеуметтік медиадан жариялаған хабарламасында Арменияның Гендже қаласындағы бейбіт адамдарға бағытталған шабуылдарын қатаң түрде айыптады.

Октай «Майданда және халықаралық қоғам алдында абыройын жылдамдықпен жоғалтқан Арменияның шекараға шамамен 70 шақырым қашықтықтағы Гендже қаласында бейбіт адамдарды нысанаға алуы адамзаттық қылмыс болып табылады. Бейбіт адамдардың өмірін қиған бұл опасыз шабуылды қатаң түрде айыптаймын, бауырлас Әзербайжан халқына көңіл айтамын» деді.



Ұқсас жаңалықтар