Іздеу салынған террористтердің екеуі залалсыздандырылды

Террористтердің бірі қызыл категорияда іздеу салынған Али Кемал Йылмаз екені білдірілді.

1502892
Іздеу салынған террористтердің екеуі залалсыздандырылды

Тунджелиде бірі қызыл, бірі қызғылт категорияда тұрған екі террорист залалсыздандырылды.

Ішкі істер министрлігі Тунджели Оваджык маңында 2 қазан күні Қалалық жандармерия қолбасшылығының операциясында екі террористтің залалсыздандырылғанын білдірді.

Террористтердің бірі Терроризм тізімінде қызыл категорияда іздеу салынған TKP/ML TİKKO-ның Тунджелидегі басшысы Али Кемал Йылмаз екені білдірілді. Ол террорлық ұйымға 2007 жылы қосылған,  қастандық, мина және қолдан жасалған жарылғыш маманы болған.

Өлтірілген екінші террорист тізімде қызғылт категорияда іздеу салынған аталмыш террорлық ұйымның әйел жауаптысы Гөкче Курбан екені хабарланды.



Ұқсас жаңалықтар