Отандық вакцина адамдарда сынақтан өткізіле басталды

Отандық вакцина жұмыстарының үшеуінде адамда сынақтан өткізу процесі басталды.

1502301
Отандық вакцина адамдарда сынақтан өткізіле басталды

Жаңа типтегі коронавирусқа (Ковид-19) қарсы жүргізілген отандық вакцина жұмысының үшеуінде адамда сынақтан өткізу процесі басталды.

Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа Текирдағ Капаклыдағы Кочак Фармакология орталығында Ковид-19 эпидемиясымен күрес аясында отандық вакцина жұмыстары жүргізілген лабораторияға барып, жұмыстар туралы ақпарат алды.

Тексеру жұмыстарының артынан Коджа президент Режеп Тайып Ердоғанға бейне қоңыраумен хабарласып, мағлұмат бөлісті.

Денcаулық сақтау министрі президент Ердоғанға Ковид-19 эпидемиясына қарсы жүргізілген 13 отандық вакцинаның үшеуінде жануарлардағы сынақтардың табысты түрде аяқталғанын, адамдарда сынақтан өткізу жұмыстарының басталғанын сүйіншіледі.

Президент Ердоған болса «Құттықтаймыз, барлық достарымызға сәлемімді жеткізіңіз, ұлтым атынан риза екенімді білдіріңіз. Қысқа мерзімде оларды «өндіріске енгіземіз» деп үміттенемін және осы өндіріспен адамдарға вакцина егу процесін бастаймыз. Осы уақыттан бастап науқастарымыздың санын едәуір азайтып, болашағымызды «емделудің көзі» деп санайтын осы вакциналармен кепілдікке алатын боламыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар