Түркия оңтүстік шекарасын мықты қорғайды

Ердоған: "Сириядағы террор аймақтары АҚШ пен Ресей уәде бергендей тазаланады немесе біз мұны өзіміз жасаймыз" деді.

1502194
Түркия оңтүстік шекарасын мықты қорғайды

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның оңтүстік шекарасында тұрақтылық қамдалғанға дейін Сирияның солтүстігінде тұруды жалғастыратынын айтты.

Президент Ердоған базалардың беташар рәсіміне Стамбұлдағы Вахдеттин сарайынан тікелей эфирмен қатысты. 

Баяндамасында террормен күреске тоқталған Ердоған:

"Сириядағы террор аймақтары АҚШ пен Ресей уәде бергендей тазаланады немесе біз мұны өзіміз жасаймыз" деді.

Ердоған Түркияның әлемдегі дағдарыстардың ортасында қалғанына қарамай, асқақ бейнемен тік тұрғанын, әр саладағы мықты инфрақұрылымы арқасында береке-бірлікте екенін атап көрсетті.

Хатайдың Сирия мәселесінде ауыр бедел өтегенін, ауыр жүк арқалағанын айтқан Ердоған:

"Шекараларымызда құруға талпынған террор дәлізін күйреткен кезде сириялық бауырластарымыздың да қасында екенімізді көрсеттік" деді.

Ердоған:

"Террористік ұйымдарға және оларды қолданған күштерге үнін шығармағандар, Түркияға келгенде заңды ережелерді, құқықты, қақты ескермеуі бізді жолымыздан тайдыра алмады, бұл мүмкін де емес" деп көрсетті. 

Идлибте гуманитарлық трагедияға себеп болатын ешқандай қадамның басылуын қабылдамайтындарын айтқан Ердоған:

"Бұл ел мен ұлтқа дұшпан болғандарды қайғыға батырамыз" деді.   



Ұқсас жаңалықтар