Министр Чавушоғлу Әзербайжанға қолдауды Римнен қайталады

Сыртқы істер министрі Түркияның Әзербайжан талап еткен жағдайда, әртүрлі қолдауды көрсететінін мәлімдеді.

1501785
Министр Чавушоғлу Әзербайжанға қолдауды Римнен қайталады

Чавушоғлу Римде италиян әріптесі Луиджи ди Майомен ұйымдастырған ортақ баспасөз жиналысында Әзербайжан мен Армения арасындағы қақтығысқа тоқталды.

Түркияның әрқашан бұл мәселені бейбіт жолмен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі қарарлары аясында шешуді жақтағанын еске салған Чавушоғлу «Бірақ қазірге дейін ешбір қадам басылмады. Әзербайжан өз жерін қайтарып алатын күшке ие. Әзербайжанның бітім жариялауы үшін Арменияның толық және дереу шегінуі керек. Қазірге дейін Әзербайжанның нақты бір сұранысы болған жоқ. Дегенмен болған жағдайда кім десе де біз қолдауымызды көрсетеміз» деді.

Чавушоғлу халықаралық қоғам бір нәрсе жасағысы келсе, Арменияны дереу Әзербайжан топырағынан шығару керектігін атап көрсетті.

Чавушоғлу аймақта бейбітшілік пен тұрақтылықтың ең көп Арменияға пайда әкелетінін атап «Қалағаның бейбітшілік пе, тыныштық па әлде соғыс па? Арменияның бұл тақырыпта ендің бір шешім қабылдау керек» деді.

Шығыс Жерорта теңізіндегі жаңалықтарға да тоқталған Сыртқы істер министрі «Еуроодақ жаһандық бір ұйым болғысы келсе, Грекияға ‘сенікі дұрыс емес’ дәу керек. Біздің ниетіміздің жақсы екенін кейбір жеңілдіктермен көрсеттік. Құқығымызды қорғау тақырыбында да табанды екенімізді көрсеттік. Келіңдер барша бірге жұмыстанып, бірге бөлісейік. Осында Еуроодақтың таңдауы маңызды» деді.



Ұқсас жаңалықтар