Акар Ливия Қорғаныс министрін күтіп алды

Акар Намроушты Анкарадағы Ұлттық Қорғаныс министрлігінде әскери рәсіммен күтіп алды.

1501202
Акар Ливия Қорғаныс министрін күтіп алды

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Ливия Қорғаныс министрі Селахаддин Намроушпен кездесті.

Ұлттық Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеде Акар Намроушты астана Анкарадағы Ұлттық Қорғаныс министрлігінде әскери рәсіммен күтіп алды.

Оңаша өткізілген кездесуде Ливиядағы соңғы оқиғаларға байланысты көзқарас алмастырылды.

Кездесуде министр Акар тарапынан Түркияның ливиялық бауырластарға берген әскери және қауіпсіздік саласындағы білім, жәрдем және ақылшылық қолдауларының жалғасатыны,  Түркияның тұрақты, тәуелсіз және егемен бір Ливияны қолдайтыны атап көрсетілді.   



Ұқсас жаңалықтар