Алтун АҚШ-тық саясаткерлерге наразылық көрсетті

Алтун АҚШ-тағы сайлауда Түркияны саяси нысан ретінде көрсеткендерге қатаң наразылық көрсетті.

1500195
Алтун АҚШ-тық саясаткерлерге наразылық көрсетті

Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун АҚШ президенттік сайлауында саясаткерлердің Түркияны саяси бір нысана ретінде көрсетуіне қатаң наразылық көрсетті.

Алтун тақырыппен байланысты хабарламасын твиттерден ағылшын тілде бөлісіп, АҚШ-тық саясат қайраткерлерін жасампаз болуға шақырды.

Түркия-АҚШ қарым-қатынастарының президенттік сайлау кезеңінде қолданылуының мазалағанын атап айтқан Алтун «Әсіресе НАТО одақтасы елдер мұндай мәселелерде бетпе-бет келуден бас тарту керек. Түркияға бағытталған осындай ұстанымдар, Әзербайжандағы бауырларымызға берген қолдауымызға ықпал етпейді. Түркияның тұғырының халықаралық заңдарға сәйкес болғанына қарамастан кейбір АҚШ-тық саясат қайраткерлері аймақтағы қызуды елдерінде өтіп жатқан сайлау үшін армян лоббилерінің қолдауын алу мақсатты пайдалануда» деді.

Алтун Түркияның аймақта бейбітшілік пен тұрақтылық қалағанын атап, «Әзербайжанмен бірге болуды жалғастырамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар