TRT-ге алғыс

Денсаулық сақтау министрі деректі фильмге байланысты жазба жариялап, корпорацияға алғыс білдірді.

1499540
TRT-ге алғыс

ТР Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа Түркияның коронавируспен күресі баяндалған деректі фильмге байланысты TRT –ге алғыс айтты.

Министр әлеуметтік желіде TRT World-те ертең жарияланатын деректі фильмге байланысты жазба жариялап, корпорацияға алғыс білдірді.

Министр былай деді: «TRT World телеарнасы сәрсенбі күні жарияланатын деректі фильм арқылы Түркияның коронавируспен күресін әлемге жариялайды. Деректі фильм түсірілімі эпидемиямен күресте ролі үлкен екі ауруханада екі ай жалғасты.  Деректі фильмде әлемге танымал тұлғалардың куәгерлігі де орын алады. TRT-ге алғыс айтамыз».



Ұқсас жаңалықтар