Шырнакта 5 террорист берілді

Ирактың солтүстігіндегі ПКК мүшесі 5 террорист Шырнактың Силопи аудандық қауіпсіздік күштеріне берілді.

1498946
Шырнакта 5 террорист берілді

Ирактың солтүстігіндегі індерінен қашқан бөлшектеуші террористік ұйым ПКК мүшесі 5 террорист Шырнактың Силопи аудандық қауіпсіздік күштеріне берілді.

Ұлттық Қорғаныс министрлігінің Твиттер желісінен жасалған мәлімдемеде мыналар баяндалды:

"Батылдықпен жалғастырылған операциялар арқылы ПКК террористері берілуде. Ирактың солтүстігіндегі індерінен қашқан ПКК мүшесі 5 террорист Шырнактың Силопи аудандық қауіпсіздік күштеріне берілді".

Сонымен бірге Ирактың солтүстігіндегі бөлшектеуші террористік ұйым ПКК-ға қарасты көптеген қарулар мен жабдықтар қолға түсті.

Ұлттық Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеде ПКК террористік ұйымына бағытталған операциялардың жалғасқаны білдірілді.

Мәлімдемеде Ирактың солтүстігіндегі Авашан-Басян аймағында іздеу және бақылау жүргізген әскерлеріміз ПКК террор ұйымына қарасты көптеген қару-жарақ, мылтық, бомба, хабарласу жабдықтары және тұрмыстық бұйымдарды қолға түсіргені хабарланды.  



Ұқсас жаңалықтар