"Оруч Рейс" кемесі Жерорта теңізіне қайта шықты

Жерорта теңізінде сейсмикалық барлау жүргізген "Оруч Рейс" кемесі іс-шараларын одан әрі жалғастырады.

1498187
"Оруч Рейс" кемесі Жерорта теңізіне қайта шықты

Шығыс Жерорта теңізіндегі зерттеу жұмыстарынан кейін жанармай алу және күтімдеу мақсатымен Анталия кемежайына келген сейсмикалық зерттеу кемесі "Оруч Рейс" кемежайдан ашық теңізге беталды.

Міндетке бастаған 10 тамыздан бері Жерорта теңізінде сейсмикалық барлау жүргізген "Оруч Рейс" кемесі іс-шараларын одан әрі жалғастырады.

90 пайызы елде жобаланған, жасалуы мен интеграциясы ұлттық ұзындығы 87 метр, ені 23  метр "Оруч Рейс" кемесі  қайраңдарымыз бен су айдынымызда табиғи байлықтарды барлауды қамтыған барлық геологиялық, геофизикалық, гидрографиялық және океанографиялық зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

Толық баждықталған және көп салалы әлемдегі 5-6 зерттеу кемесінің бірі болған "Оруч Рейс" кемесі 2-3 өрелі сейсмикалық, маниетикалық тұрғыдан геофизикалық зерттеу жүргізу қабілетіне ие.

"Оруч Рейс" кемесі 8 мың метр тереңдікте 3 өрелі, 15 мың метр тереңдікте 2 өрелі сейсмикалық операциялар жасайды. 



Ұқсас жаңалықтар