Пелосидің сөздеріне наразылық

Сыртқы істер министрі Нэнси Пелосидің Түркия туралы сөздеріне наразылық білдірді.

1497267
Пелосидің сөздеріне наразылық

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Америка Құрама Штаттары Өкілдер мәжілісінің төрайымы Нэнси Пелосидің Түркия туралы сөздеріне наразылық білдірді.

Чавушоғлу әлеуметтік желіде әрі түрік тілінде, әрі ағылшын тілдерінде жариялаған жазбасында: «Осыншама надандығымен Пелосидің АҚШ Өкілдер мәжілісі басшылығына дейін көтерілуі Америка демократиясы үшін уайым. Түрік ұлтының ерік-жігеріне құрмет көрсете білуіңіз керек» деді.

Министр ағылшын тіліндегі жазбасына әрі Пелосиді,  әрі АҚШ президенті Трампты қосып қойды.

АҚШ-тың заң шығару органы Конгрестің төменгі қанаты Өкілдер мәжілісінің төрайымы Пелоси президент Трамптың сайлаудан жеңіліп шықса, міндетті бейбіт түрде тапсырып тапсырмайтыны туралы сұраққа жауап беруден қашқақтағанына орай «Құрметті президент, Солтүстік Кореяда емессіз,  Түркияда емессіз, Ресейде емессіз. Сауд Арабиясында емессіз. Бұл жер АҚШ, бұл жерде демократия бар» деп наразылық білдірген болатын.

Пелоси айырықша «Ресей президенті Владимир Путин, Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын және президент Режеп Тайып Ердоғанды мысал қылып көрсетіп, «Трамп биліктегі уақытын созғандарға қызығады» деген сөздер де қолданды.



Ұқсас жаңалықтар