Чешме ауданында 10 келімсек құтқарылды

Түрік жағалау күзет жасақтары Измирдің Чешме ауданы су айдынында келімсектерді құтқарды.

1497079
Чешме ауданында 10 келімсек құтқарылды

Измирдің Чешме ауданында Грекия теңіз күзет жасақтары тарапынан түрік теңіз айдынына қарай қуылған 10 келімсек құтқарылды.

Жағалау күзет қолбасшылығы жасаған мәлімдемеге қарағанда Чешме су айдынында Грекия теңіз күзет жасақтары тарапынан түрік теңіз айдынына қарай қуылған соң Сүңгүкая аралына шыққаны анықталған 10 келімсек құтқарылды.

Жағалауға әкелінген келімсектер Қалалық көшу-қон басқармасы дирекциясына апарылды.



Ұқсас жаңалықтар