Шырнакта 4 террорист залалсыздандырылды

«Йылдырым-1» операциясы үздіксіз жалғасуда.

1496393
Шырнакта 4 террорист залалсыздандырылды

«Йылдырым-1» операциясы аясында Шырнактың Бейтүшшебап ауданы Като Жирка аймағында 4 террорист залалсыздандырылды.

Ішкі істер министрлігі жасаған мәлімдемеге қарағанда Като Жирка аймағында Қалалық Жандармерия қолбасшылығы тарапынан азанғы уақытта операция жүзеге асырылды.

Операцияда 4 террорист қаруларымен залалсыздандырылды.

Соңғы 2 күнде залалсыздандырылған террорист саны 8-ге жеткен операциялар үздіксіз жалғасуда.

Басқа жағынан PKK/KCK террор ұйымы мүшелерінің көндіріп, ұйымнан шығуын қамтамасыз ету үшін жүргізілген жұмыстар жалғасуда.

Бұл аяда Ванда жандармерия қызметкерлерінің көндіру жұмыстары аясында PKK-лық тағы бір террорист қауіпсіздік күштеріне берілді.



Ұқсас жаңалықтар