"Аймақтың супер державасы боламыз"

Түркия теміржолының 164 жылдығы атап өтілді.

1496067
"Аймақтың супер державасы боламыз"

Қатынас және инфрақұрылым министрі Адил Караисмаилоғлу Түркияның Жаңа Жібек жолының ең маңызды өткелі және аймағының логистикалық супер державасы болатынын айтты.

Министр Түркия Республикасы Мемлекеттік Теміржолдардың 164-ші жылдығына орай сөз сөйледі.  Ол мемлекеттік теміржолдардың жүк және жолаушы тасымалында әлемнің маңызды брендтері қатарында орын алатынын айтты. «Жаңа жібек жолының ең маңызды өткелі,  өз аймағының логистикалық супер державасы боламыз.  Осылардың барлығын Түркия Республикасы Мемлекеттік Теміржолдардың тәжірибесі,  күші және табандылығымен жүзеге асырамыз» деді ол.

Босфор бұғазынан теміржолмен өтіп, Азия мен Еуропаны теміржолмен байланыстырғандарын меңзеген министр: «Қатынастардың барлық түрімен интеграцияланған логистикалық жобаларымыз арқылы болашақтың жол картасын дайындадық. 2003 жылдан бері құйылған 162,6 миллиард лиралық теміржол инвестициясымен 10 мың 959 километр болған желі ұзындығын 13 мың 836 километрге жеткіземіз» деді.

 



Ұқсас жаңалықтар