Ердоған Меркель және Мишельмен телеконференция арқылы кездеседі

Президент Ердоған Түркияның келіссөзді жақтағанын тағы бір рет баса айтуы күтіледі.

1495138
Ердоған Меркель және Мишельмен телеконференция арқылы кездеседі

Президент Режеп Тайып Ердоған Германия канцлері Ангела Меркель және Еуроодақ Кеңесі басшысы Шарль Мишельмен бүгін телеконференция арқылы кездеседі.

Президент Ердоғанның кездесу барысында Түркияның Шығыс Жерорта теңізінде келіссөзді жақтағанын тағы бір рет баса айтуы күтіледі.

Кездесуде алғы шартсыз келіссөз үстеліне отыруға дайын екені тағы бір рет еске салынып, дағдарыстың қызуын Грекияның арттырғанына, қадам басуға тиісті тараптың да Грекия екеніне назар аударылады.

Еуроодақтан мәселенің шешімі тақырыбында «дәйекті және әділ болу» шақыруын қайталайтын Ердоған Кеден одағы келісімінің реттелуі және виза жеңілдігі тақырыбында Түркияның көзқарастарын да жеткізеді.



Ұқсас жаңалықтар