Ердоған БҰҰ-ның 75 жылдық мерейтойлық жиналысына бейне үндеу жолдады

Ердоған «БҰҰ жүйесі қақтығыстардың алдын алу және қақтығыстарды тоқтатуда ықпалды емес» деді.

1494818
Ердоған БҰҰ-ның 75 жылдық мерейтойлық жиналысына бейне үндеу жолдады

Президент Режеп Тайып Ердоған БҰҰ-ның 75 жылдық мерейтойлық жиналысына бейне үндеу жолдады. Ердоған өз жолдауында «БҰҰ жүйесін қайта жандандыру үшін алдымен Қауіпсіздік Кеңесі реформалануы керек» деп мәлімдеді және «Ортаға қойған идеалдарына қарамастан БҰҰ жүйесі қақтығыстардың алдын алу және қақтығыстарды тоқтатуда ықпалды емес», деді ол.

7 миллиардтан астам адамның тағдырын 5 елдің мейіріміне қалдыратын Кеңес құрылымының әділетті және тұрақты емес екенін атап өткен Ердоған өткен ғасырдың қажеттіліктеріне сәйкес құрылымдарымен бүгінгі емтихандарды тапсыра алмағанын баршаның байқағанын мәлімдеді. Ердоған «Демократиялық, тұнық, есеп беретін, ықпалды және әділ өкілдікке негізделген бір Кеңес құрылымы адамзат үшін таңдаудан гөрі қажеттілікке айналды» деп «Құрлықтар түйіскен Стамбулдың бір БҰҰ орталығына айналуы да жаһандық бейбітшілік пен тұрақтылық талпыныстарына қолдау береді» ескертуі жасады.

75-ші Бас Ассамблеяның төрағалық міндетін аға дипломат және саясаткер ретінде елші Волкан Бозқырдың қабылдауының Түркия үшін мақтау болғандай, халықаралық қоғам тұрғысынан да шанс екенін еске салған Ердоған «Түркияға көрсеткен жылы ықыласыңыз үшін сізге рахмет айтамын» деді.



Ұқсас жаңалықтар