"Серрадждың отставкаға кету шешімі Түркиямен жасалған келісімдерге ықпал етпейді"

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын мәлімдеме жасады.

1494643
"Серрадждың отставкаға кету шешімі Түркиямен жасалған келісімдерге ықпал етпейді"

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын Ливия ұлттық үкіметінің премьер-министрі Файиз эс-Серрадждың отставкаға кету шешімінің Түркиямен жасалған келісімдерге кері ықпал етпейтінін мәлімдеді.

Ливиядағы соңғы оқиғалар туралы Ибрахим Калын: «Бұл келісімдерге соңғы саяси процесс кері әсер етпейді, өйткені олар үкіметтің шешімі, жеке адамдардың шешімі емес. Президенттік Кеңес қабылдаған шешімдер өз күшінде қалады» деді.

Калын Серрадждың отставкаға кету туралы шешіміне қатысты «Серрадж мырза өз мәлімдемесінде Кеңес және президенттікпен байланысты жұмыстардың алға жылжуы үшін өз қызметінен кететінін айтты. Өзімен әңгімелеріміз барысында сол жерде жаңа бір құрылым қалыптастыру процесінде бәлкім өзі қосатын үлестің тікелей және ықпалды болуы үшін осындай әдісті таңдай алатынын атап көрсетті. Кез-келген жағдайда Президент Кеңес пен Мәжіліс сол жерде. Құрметті Серраджбен біздің байланысымыз жалғасады» деді.

Шығыс Жерорта теңізінде әділ, теңгерімді және барлық Жерорта теңізіне жағалауы бар көршілер қосылған бір энергия перспективасын белгілеуді тілге тиек еткен Ибрахим Калын «Жерорта теңізіне жағалауы бар елдердің қатысуымен әділ және ортақ энергия платформасын құру конференциясы жиналысына немесе кезеңді бастауға біз оң көзбен қараймыз. Президентіміз бұл көзқарасын жеткізген болатын. Әрі Евроодақ төрағасы, әрі құрметті Меркельмен алдағы уақытта жоспарланған кездесулерде де бұл тақырып қайтадан күн тәртіпке келмек. Біз бұған оң көзбен қараймыз. Өйткені «дау-дамайлы алаң, аймақ» деп аталған жерде де бір резерв болса оны да бөлісуге болады. Бұл қиын бір жағдай емес. Сондықтан шығыс Жерорта теңізіндегі энергия резервтерін барлық елдердің мүддесіне болатын бір резервке, құндылыққа айналдыруға жағдай бар» деді.

Америка Құрама Штаттарының соңғы кездері Кипр Понти Әкімшілігіне бағыттап басқан қадамдарына тоқталған Калын «АҚШ-тың бұл бір жақты ұстанымы кезеңге үлес қоспайды. Қару эмбаргосы жойылған соң АҚШ Сыртқы істер министрлігінің Кипр Понти Әкімшілігіне сапары, түрік тарапына өтпеуі, сол жердегілерді елемеуші қадамы біздіңше бір жақты және кезеңге үлес қоспайтын бір ұстаным. АҚШ-тық лауазымдылардың «Аймақта дағдарыс болмасын, әділ бөлісу болсын» деген мәлімдемелерін басылатын нақты қадамдармен қолдау керек. АҚШ осында әділ және бейтараптық бір рөл ойнайтын, үлес қосатын болса мұны тек қана бір жақтың, яғни понти тарапының көзқарастарын назарға алып олармен байланысып жасай алмайды. Міндетті түрде түрік тарапымен де байланыс орнатуы керек» деді.



Ұқсас жаңалықтар