Украинамен ғарыш саласында ынтымақтастық

Түркия Ғарыш агенттігінің басшысы Украинада болды.

1492897
Украинамен ғарыш саласында ынтымақтастық

Түркия Ғарыш агенттігінің төрағасы Сердар Йылдырым Украинамен ғарыш саласында мықты ынтымақтастық әлеуеті бар екенін айтты.  «Осы әлеуетті жүзеге асырған жағдайда екі елде табысты болады» деді ол.

Сердар Йылдырым Түркияның Украинадағы өкілетті елшілігінде жасаған мәлімдемесінде Украина сапарына баға берді.

Ол Түркия Ғарыш агенттігінің бір жылдан бері жұмыс істеп келе жатқанын,  міндетке келгенде бірінші болып Украинамен келісімге қол қойылғанын,  сондықтан осы елдің өте маңызды екенін білдірді.

«Бүгін де Киевте Украинаның ғарыш агенттігімен және басқа мекемелерімен кездесулер жүргіздік.  Айырықша Украина вице-премьері Олег Уруский бізді қабылдады» деді ол.

Йылдырым: «Ұшыру технологиялары, спутник өндіру және сатуғ ғарышқа байланысты жүйелердің жетілдірілуі секілді көптеген салада мүмкіндіктер бар екенін көрдік» деді.



Ұқсас жаңалықтар