"Түркиямен қасарысу арқылы проблеманы шеше алмаймыз"

Боррель ЕП-інде сөз сөйледі.

1491035
"Түркиямен қасарысу арқылы проблеманы шеше алмаймыз"

Еуропа Одағы Сыртқы байланыстар және қауіпсіздік саясаты жоғары комиссары Джозеп Боррель Түркиямен қасарысудың ЕО мен Түркия қатынастарындағы проблемаларға шешім келтірмейтінін, мәселенің келіссөз арқылы шешілетінін айтты .

Боррель Еуропа Парламентінде шығыс Жерорта теңізі және Түркия тақырыптарындағы сыртқы қатынастар жиналысында депутаттарға үн қатты.

Шығыс Жерорта теңізіндегі келіспеушіліктің шешілуі үшін жаз айларында жұмыстанғандарын тілге тиек еткен Боррель енді одан да көп ынта керектігін білдірді.  Боррель «Оруч Реис» кемесінің Анталия портына кетуінің «дұрыс бағытта басылған қадам» екенін айтты. «Бұл да бізге диалог үшін басқа да қадам басуға үміт береді.  Мүны әскери әдістермен емес,  диалог және келіссөз арқылы шешеміз» деді ол.

Боррель: «Түркиямен қасарысып проблеманы шеше алмайтынымыз ашық. Мұны қаламаймыз.  Түркия Еуропа Одағының маңызды көршісі. Географияны өзгерте алмайтын болғандықтан,  көрші болуды жалғастырамыз.  Түркия сонымен бірге көші тақырыбында болғандай көптеген мәселеде маңызды серік.  Көш толқындарын Түркияның көмегінсіз шеше алмайтынымызды білеміз. Түркия сонымен бірге Еуропа Одағына кандидат бір ел» деді.



Ұқсас жаңалықтар