Бозкыр БҰҰ-дағы міндетін бастайды

193 елден өкілдер бас қосатын Бас ассамблея сессиясын Волкан Бозкыр басқарады.

1490771
Бозкыр БҰҰ-дағы міндетін бастайды

БҰҰ 75-ші Бас ассамблеясы басшылығына сайланған Волкан Бозкыр жаңа міндетін бүгін бастайды.

Волкан Бозкыр БҰҰ орталығындағы рәсімде 74-ші Бас ассамблея төрағасынан міндетті қабылдап алады.

БҰҰ биыл 75 жылдығын тойлайды. 193 елден өкілдер бас қосатын Бас ассамблея сессиясын Волкан Бозкыр басқарады.

Пленарлық отырыста 178 елдің қолдауын алып Түркиядан сайланған тұңғыш тұлға Бозкыр 2021 жылдың қыркүйек айына дейін осын міндетті атқарады. Бас ассамблея төрағасы отырыстарды басқарады,  кеңестің ісін реттейді.  Бас ассамблея айырықша жыл сайын БҰҰ бюджетін анықтайды және бақылайды.

БҰҰ Бас ассамблеясында халықаралық қоғамның жалпы пікірін көрсететін шешімдер қабылданады.

Әлем лидерлері жыл сайын қыркүйек айында БҰҰ орталығында бас қосады.  Биыл коронавирус салдарынан сессиялар виртуалды атмосферада өткізіледі. 22 қыркүйек күні басталатын сессияларда ел басшылары мен үкімет басшылары видео арқылы сөз сөйлейді.

 



Ұқсас жаңалықтар