Бакудің азат етілу күнімен құттықтады

Президент Ердоған Әзербайжан президенті Әлиевке телефон шалды.

1491150
Бакудің азат етілу күнімен құттықтады

Президент Режеп Тайып Ердоған Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевке телефон шалды.

Коммуникация басқармасының хабарына қарағанда,  президент Ердоған телефон әңгімесінде Әзербайжанның бас қаласы Бакудің армян және большевик басқыншылығының азат етілуінің 102 жылдығымен құттықтады. Әзербайжан президенті Әлиевке және Әзербайжан халқына игі тілектерін жеткізді.

102 жыл бұрын Анадолыдан бауырлас Әзербайжанға көмекке кеткен Нури Паша қолбасшылығындағы Кавказ Ислам армиясының Әзербайжан Ұлттық армиясымен иықтасып күресіп, тарихи жеңіске қол жеткізгенін білдірген президент осы даңқты күрестің барлық шейіттерін және батырларын құрмет еске алатынын тілге тиек етті.  Президент Ердоған Түркия мен Әзербайжанның Бакудің азат етілуінде болғаны секілді мүдделеріне шабуыл жасалған кездері бірлік болып күрескенін атап өтті.



Ұқсас жаңалықтар