Ел көлеміндегі операцияларда 3 террорист залалсыздандырылды

Ішкі істер министрлігі операция туралы мәлімдеме жасады.

1489749
Ел көлеміндегі операцияларда 3 террорист залалсыздандырылды

«Йылдырым-11 Херекол» операциясы аясында Шырнак-Сиирт арасындағы аймақта бөлшектеуші террор ұйымы PKK-лық 3 террорист қаруларымен бірге залалсыздандырылды.

Ішкі істер министрлігі операция туралы мәлімдеме жасады.

Сиирт Херекол аймағында басталған «Йылдырым-11 Херекол» операциясы ауқымды түрде жалғасуда. Шырнак-Сиирт арасындағы аймақта Шырнак қалалық Жандармерия қолбасшылығы топтары тарапынан 3 террорист залалсыздандырылды. Аймақта операциялар жалғасуда.

Ел көлемінде террорды толығымен жою мақсатты 2020 жылы 13 шілде күні басталған Йылдырым (1-2-3-4-5-6-7-8-9-10) операциялары шеңберінде қазірге дейін 54 террорист залалсыздандырылды, оларға көмектескен 24 адам ұсталды. 112 үңгір, баспана және қойма жойылды. Көптеген оқ-дәрі, азық-түлік және күнделікті материал қолға түсірілді.



Ұқсас жаңалықтар