Ұлттық Барлау ұйымы Украинада ұстаған террористті Түркияға әкелді

PKK/KCK-лық террорист Иса Өзер Ұлттық Барлау ұйымының арнайы операциясымен Украинада ұсталды.

1488740
Ұлттық Барлау ұйымы Украинада ұстаған террористті Түркияға әкелді

Бөлшектеуші террор ұйымы PKK/KCK мүшесі Иса Өзер Ұлттық Барлау Ұйымының операциясымен Украинадан Түркияға әкелінді. 

2014 жылы өзі туралы тұтқындау үкімі жарияланған соң заңсыз жолмен Түркиядан қашқан Иса Өзердің біраз уақыттан бері Одессада екені анықталды. Террорлық жұмыстарын Украинадан жалғастырған Өзер Ұлттық Барлау Ұйымының арнайы әдістерімен Түркияға әкелініп, әділет органдарына тапсырылды. 

Бөлшектеуші террор ұйымы PKK/KCK-ға 1996 жылы қосылған Иса Өзердің Румынияда ұйымды қолдайтын бір қоғамға мүше болғаны, бұл елдегі түрік азаматтарын қорқытып, ақшаларын жинағаны кейін шекарадан шығарылғаны білдірілді. 



Ұқсас жаңалықтар