Мардинде 2 террорист ұсталды

Күдіктілердің қала орталығындағы адамдар шоғырланған алаңда бомбалы шабуыл жасауға дайындалғаны анықталды.

1487673
Мардинде 2 террорист ұсталды

Мардинде бомбалы шабуыл жасауға дайындалған 2 террорист ұсталды. 

Мардинде Жандармерия қолбасшылығы және Ұлттық Барлау ұйымы (ҰБҰ) бірге жүргізген техникалық және физикалық күзеттің нәтижесінде Сириядан келген 2 күдіктінің Түркияға жарылғыш заттармен бірге кіргені белгіленді. 

Күдіктілердің қала орталығындағы адамдар шоғырланған алаңда бомбалы шабуыл жасауға дайындалғаны анықталды. 

Қолға түсірілген жарылғыш заттың жойғыш күшінің өте жоғары екені және жарылған жағдайда үш қабатты ғимаратты күлге айналдыратыны білдірілді. 

 



Ұқсас жаңалықтар