Ортакөйдегі террор шабуылы күдіктілерінің сот үкімі жарияланды

Абдулкадир Машарипов 40 рет өмір бойы бас бостандығынан айыруға үкім кесілді.

1486806
Ортакөйдегі террор шабуылы күдіктілерінің сот үкімі жарияланды

Стамбулдағы бір ойын-сауық орталығында 2017 Жаңа жыл мерекесін тойлағандарға жасалған және 39 адам қаза тапқан террор шабуылымен байланысты күдікті Машариповтың сот үкімі жарияланды. Ол 40 рет өмір бойы бас бостандығынан айыру және қосымша 368 жылға сотталды. 

Стамбул 27-ші Қылмыстық сот қараған қылмыстық іс күдіктілердің соңғы түсініктемелері алынған соң үкім жарияланды. 

Сот алқасы шабуылды жасаған Абдулкадир Машариповты «Атазаңды бұзу» және араларында полиция қызметкері Бурак Йылдыз да бар 39 кісіні «қасақана өлтіру» айыбымен 40 рет өмір бойы бас бостандығынан айыру. 

Қамаудағы Машарипов сондай-ақ 79 кісіге қарсы «қастандық әрекеті» мен «құжатсыз қару алып жүру» айыптарымен тағы мың 368 жыл бас бостандығынан айырылу және 375 мың түрік лирасы айыппұлмен сотталды. 



Ұқсас жаңалықтар