Тұз көлі қоқиқаздардың тамаша мекені

Аксарайдағы Тұз көлі қоқиқаздардың әлемдегі ең тамаша балапан басатын мекені.

1484408
Тұз көлі қоқиқаздардың тамаша мекені

Түркия мен Жерорта теңізі бассейніндегі қоқиқаздарға үй иесі болған ең үлкен мекен Тұз көлінде биыл жұмыртқадан шыққан он мыңдаған балапан ұша бастады.

Қоқиқаздардың балапандары Аксарайдың Ескил ауданы ішіндегі Тұз көлінің оңтүстігінде 4 айдың алдында жұмыртқаны жарып шықты. 

Жұмыртқадан шыққанда қара және сұр қауырсыны бар қоқиқаз балапандары 30 күннен кейін Тұз көлімен танысты. Балапандар ұшуды үйренгеннен кейін көшуге дайын болды.

Әппақ көл үстінде түрлі түске бөленген қоқиқаздар ыстық өңірлерге көше бастады.

Аксарайдағы Тұз көлі қоқиқаздардың әлемдегі ең тамаша балапан басатын мекені.

Жыл сайын ауа райы ысыған кезде түрліше елдерден қоқиқаздар қоректену және балапан басу үшін Тұз көліне келеді. 

Тұз көлі паналау және азықтануға келген құстар үшін керемет мекен.

Жыл сайын мөлшермен 20 мың балапан ұшатын аймақта биылғы балапандар 30 мыңға жетті.     



Ұқсас жаңалықтар