Калын мен О’Брайн телефонда сөйлесті

Әңгiме барысында шығыс Жерорта теңiзiндегi дағдарыс қолға алынды.

1484438
Калын мен О’Брайн телефонда сөйлесті

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын және АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Роберт Чарльз О’Брайенмен телефонда сөйлесті.

Президенттік аппараттан жасалған мәлімдемеге қарағанда Ибрахим Калын және  Роберт Чарльз О’Брайен әңгіме барысында өзара қарым-қатынастар, шығыс Жерорта теңізіндегі соңғы жағдай мен аймақтық мәселелердi қолға алды.

Әңгіме барысында Түркияның шығыс Жерорта теңізінде дағдарыс қаламағаны, аймақта президент Режеп Тайып Ердоған айтқандай әділ бір бөлісу моделін іске асырудың шарт екені білдірілді.

Сондай-ақ Грекияның арандатушы және халықаралық заңдарды «жоқ» деп есептейтін бір жақты максималистік ұстанымын қабылдаудың мүмкін еместігі баса айтылды. Саяси шешімге жағдай жасау үшін мұндай бастамалардан бас тарту керектігі атап көрсетілді.

Түркияның және Кипр түріктерінің шығыс Жерорта теңізіндегі құқықтары мен мүдделерін қорғау тақырыбындағы табандылығына назар аударылған әңгімеде Жерорта теңізінің бір бейбітшілік теңізі болуы үшін әртүрлі талпыныстың ортаға қойылатыны да тілге тиек етілді.



Ұқсас жаңалықтар