Акар жаңа ұшу жылының ашылу бағдарламасында арнайы ұшты

Ұлттық Қорғаныс министрі жаңа оқу-жаттығу ұшу жылын көгілдір аспаннан құттықтады.

1484147
Акар жаңа ұшу жылының ашылу бағдарламасында арнайы ұшты
akar canakkale ozel ucus1.jpg
akar canakkale ozel ucus.jpg

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Әуе күштерінің жаңа оқу-жаттығу ұшу жылының ашылуын Эгейдің солтүстігінде жасаған арнайы ұшумен жүзеге асырды.

Әуе күштері қолбасшысы генерал Хасан Күчүкакйүз де қатысқан төрттік ұшуда Акар Дарданель бұғазы үстінен ұшып, Чанаккале шәйіттеріне сәлем берді.

Акар осында «Джейлан 30» деген лақаппен барлық қызметкерлерге үн қатып, «Осында жатқан шәйіттерімізден бастап, бүкіл шәйіттерімізге лайық болуға тырысамыз, күресімізді Чанаккале рухымен жалғастырамыз» деді.

Акар қазірге дейін жасаған табысты міндеттер үшін қызметкерлерді құттықтап, жаңа оқу-жаттығу ұшу жылының табысты өтуін тіледі.



Ұқсас жаңалықтар