Вице-президент Фуат Октай АҚШ-қа наразылық көрсетті

Вице-президент АҚШ-тың Оңтүстік Кипр Понти әкімшілігіне бағытталған қару эмбаргосын жоюын сынға алды.

1483523
Вице-президент Фуат Октай АҚШ-қа наразылық көрсетті

Вице-президент Фуат Октай Түркия мен Солтүстік Кипр Түрік Республикасының (СКТР) аймақта өздеріне қарсы ойналған ойынды байқағандарын атап көрсетті.

Октай твиттер парақшасынан жасаған мәлімдемеде АҚШ-тың Оңтүстік Кипр Понти әкімшілігіне бағытталған қару эмбаргосын жоюының Еуропаның аралда бір кездері жасаған қателіктерін АҚШ-тың қайталағаны деген мағынаға келгенін атап көрсетті.

Фуат Октай мәлімдемесінде «Аймақта қақтығыс рискін арттыратын мұндай ұстанымдарға қарсы Түркия ретінде СКТР мен кипрлік түріктердің қауіпсіздігі және тыныштығын кепілдікке алатын қадамдарды басуды жалғастырамыз. Түркия мен СКТР аймақта өздеріне қарсы ойналған ойындарды байқап отыр. Ұлтымыз бұл ойындарды табандылықпен бұзады, болашаққа бірге жүреді және бұл ойынның актерлерін де еш кешірмейді» деді.



Ұқсас жаңалықтар