3 террорист қауіпсіздік күштеріне берілді

Мәлімдемеде осы жылдың басынан қазірге дейін өз еркімен берілген террористер санының 144-ге жеткені баяндалды.

1483282
3 террорист қауіпсіздік күштеріне берілді

Көндіру әрекеті нәтижесінде Шырнакта 3 террорист қауіпсіздік күштеріне берілді. 

Ішкі істер министрлігінің мәлімдемесіне қарағанда, полиция мен жандармерия күштерінің көндіру әрекеттері нәтижесінде бөлшектеуші  террор ұйымы ПКК-ның 3 мүшеcі Шырнакта қауіпсіздік күштеріне берілді.  

Террор ұйымы мүшелерінің 6 жыл бұрын ұйымға қатысқаны түсіндірілген мәлімдемеде ең соң Иракта әрекет жасағаны білдірілді. 

Мәлімдемеде осы жылдың басынан қазірге дейін өз еркімен берілген террористер санының 144-ге жеткені баяндалды. 

Мәлімдемеге қарағанда бөлшектеуші террор ұйымынан қашып берілгендер саны артуда.

 



Ұқсас жаңалықтар