Президент Ердоған "Әділет жылының" ашылу рәсімінде үн қатты
Президент Ердоған Шығыс Жерорта теңізі мен Эгейдегі жұмыстарды бағалады.
Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның Шығыс Жерорта теңізі мен Эгейдегі жұмыстарының негізінде құқық пен әділеттілік ізденісі бар екенін мәлімдеді.
Президент Режеп Тайып Ердоған Бештепе Миллет конгрес және мәдениет орталығында ұйымдастырылған 2020-2021 жылдарын қамтыған "Әділет жылының" ашылу рәсіміндегі баяндамасында өздерін үлкен, мықты, дамыған және жеңілмейтін қабылдаған елдердің зұлымдықтарын жасыруға, саяси және дипломатиялық қабілеттерінің енді жеткіліксіз екенін тілге тиек етті.
Ердоған демократия, қауіпсіздік пен тыныштыққа санаулы қоғамдардың қол жеткізгені, қалғандардың оларға қызмет етуден басқа міндеті болмағаны жайлы түсініктің енді ортаға шыққанын атап көрсетті.
Шығыс Жерорта теңізі мен Эгейдегі жұмыстардың негізінде құқық пен әділеттілік ізденісі бар екенін білдірген президент Ердоған «Түркияның 780 мың шаршы шақырымдық үлкендігіне қарамастан, 10 шаршы шақырымдық бір аралдан бізді жағалауларымызға қамауды жоспарлап отыр. Бұл заңсыздық пен әділетсіздіктің айқын көрінісі» деді.
Айналасындағы бүкіл елдердің құқығы бар Жерорта теңізінде табиғи байлықтарды бір өзі пайдалануға тырысудың толығымен замандас бір отарлаудың үлгісі екенін баса айтқан Ердоған «Енді бұл көлеңке ойынынан шаршадық. Өзіне пайдасы жоқ бір елді Түркия сияқты аймақтық және жаһандық бір күштің алдына жем қылып тастауға тырысу енді күлкілі бола бастады. Дұшпандық жасағысы келгендер қаншалықты біріксе де, Түркияның өрлеуін тоқтата алмайды» деді.
Ұқсас жаңалықтар
PKK-лық 5 террорист әуе операциясымен залалсыздандырылды
Ұлттық Қорғаныс министрлігі операциямен байланысты мәлімдеме жасады.