"Пенче-Каплан" операциясында көптеген оқ-дәрі тәркіленді

Ұлттық Қорғаныс министрлігі PKK террор ұйымына тиесіл іоқ-дәрі тәркіленгенін мәлімдеді.

1478939
"Пенче-Каплан" операциясында көптеген оқ-дәрі тәркіленді

Ирактың солтүстігінде жалғасқан «Пенче-Каплан» операциясы аясында жүргізілген іздестіру жұмыстары барысында бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ға тиесілі оқ-дәрі тәркіленді. 

Ұлттық Қорғаныс министрлігі мәлімдемесінде Ирактың солтүстігіндегі террор нысаналарына бағытталған «Пенче-Каплан» операциясының табыспен жалғасқаны білдірілді. 

Батыр әскерлеріміз анықтаған баспана және үңгірлерде тәркіленген оқ-дәрінің бөлшектеуші террор ұйымына тиесілі екені аталып, «Табылған оқ-дәрі және үңгірлер METİ жасақтары тарапынан жойылды. Іздестіру жұмыстары нәтижесінде 100 механикалық детонатор, 20 электр детонатор, 15 детонатор қосылған аммоний нитрат, TNT араласқан қолдан жасалған жарылғыш, 48 қашықтан басқару қабылдағышы, 4 тұтану құрылғысы, 8 қабылдағыш құрылы, 18 рация, 74 батарея, 20 қолдан жасалған жарылғыш сыртқы қорабы, 200 метр жарылғыш сым, 3 термал костюм, 2 термал қолшатыр, 1 мерген жасыру костюмі  тәркіленді» делінді.



Ұқсас жаңалықтар