115 террорист залалсыздандырылды

139 баспана/қойма жойылып, 526 қару, 149 мина/қолдан жасалған жарылғыш тәркіленді.

1477759
115 террорист залалсыздандырылды

Қауіпсіздік күштері тарапынан көктем-жаз операцияларында бөлшектеуші террорлық ұйым PKK-ның 115 террористі залалсыздандырылды.

Көктем мен жаз маусымында террорлық ұйымдарға қарсы күресін жалғастырған қауіпсіздік күштері халықтың тыныштығы мен қауіпсіздігін бұзуды мақсат еткен террористтерді залалсыздандыру үшін тығыз операция жүргізді. Операцияларда террорлық ұйымның бұрын қолданылған баспана алаңдарында билікті қамдау, тұрақты және уақытша базалық аймақтар құру, террорлық ұйымның қозғалыс қабілетін шектеу,  өңір халқының мал шаруашалығының жалғастырылуы және жайлауды пайдалануының қамдалуы мен террорлық ұйымның қаржы көздерін жою мақсат етілді.  

Көктем-жаз айларында  264 аймаққа бағытталған  5 мың 981 операция жоспарланды.  Жоспарланған операциялардың 5 мың 943-і аяқталды.  Аталмыш операцияларда 115 террорист залалсыздандырылды. Олардың 109-ы өлі,  алтауы тірі қолға түсті.

Сонымен бірге 139 баспана/қойма жойылып, 526 қару, 149 мина/қолдан жасалған жарылғыш тәркіленді.



Ұқсас жаңалықтар